457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Лионель Месси MLS матчынан кейін айыппұл төлеуге міндеттелді

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси MLS тұрақты чемпионаты аясындағы матчтан кейін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

MLS Тәртіптік комитетінің мәліметінше, аргентиналық футболшы қарсыласының бетіне, басына немесе мойнына қол тигізуге қатысты лига ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді. Айыппұлдың нақты мөлшері жарияланған жоқ.

Оқиға «Интер Майами» мен «Филадельфия Юнион» (2:2) арасындағы кездесудің екінші таймына қосылған уақытта болған. Лионель Месси қарсылас команда ойыншысы Куинн Салливанмен сөзге келіп қалып, кейін оның желкесінен ұрған.

Осы әрекеттен кейін MLS Тәртіптік комитеті футболшыға қаржылай жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

 

Фото: Carly Mackler / Getty Images

Ең көп оқылған