Лионель Месси кәсіби мансабындағы 900-ші голын соқты
"Интер Майами" футболшылары КОНКАКАФ Чемпиондар кубогы-2026 турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
"Интер Майами" 1/8 финалда америкалық "Нэшвилл" командасымен кездесті. Алғашқы матч 0:0 есебімен тең аяқталған болатын.
Жауапты ойын «Интер Майамидің» алаңында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Алаң иелері сапынан Лионель Месси 7-минутта есеп ашса, қонақтардан Кристиан Эспиноса 74-минутта жауап голын соқты.
Бұл турнирде сырт алаңда соғылған гол ережесі сақталғандықтан, ширек финалға «Нэшвилл» жолдама алды. КОНКАКАФ Чемпиондар кубогына Солтүстік және Орталық Америка, сондай-ақ Кариб аймағының үздік клубтары қатысады.
«Нэшвиллге» соққан гол Месси үшін кәсіби мансабындағы 900-ші гол болды. Бұл межені бұған дейін тек Криштиану Роналду бағындырған. Қазіргі таңда Роналдудың еншісінде 965 гол бар.
Месси 900 голды 1142 матчта соқса, Роналдуға бұл көрсеткішке жету үшін 1236 ойын қажет болған.
Фото: Getty Images
Ең көп оқылған