Мәзір
Футбол

Ламин Ямаль Ла Лиганың ғасырға жуық сақталған рекордын жаңартты

Сабина Асқарқызы 108 қаралым
Ламин Ямаль Ла Лиганың ғасырға жуық сақталған рекордын жаңартты

Каталониялық «Барселона» клубының футболшысы Ламин Ямаль 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Ла Лига рекордын жаңартты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Transfermarkt.es дерегінше, Ямаль Испания чемпионатының бір маусымында өз жас санатында ең көп гол соққан футболшы атанды. Оның еншісінде қазірдің өзінде 13 гол бар. Осылайша, 1929/30 маусымынан бері сақталып келген Хосе Ирарагорридің (12 гол) көрсеткіші жаңарды.

Рекорд Испания чемпионатының 26-турда тіркелді. Ямаль «Вильярреал» қақпасына хет-трик жасап, «Барселона» 4:1 есебімен жеңіске жетті.

2025/26 маусымында Ямаль барлық турнирде 34 матч өткізіп, 18 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

 

 

Фото: "Барселона" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар