457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ламин Ямаль карьерасында алғашқы хет-трикті жасады

Доп менде болғанда, біз қайда қозғалатынымызды өзім шешемін

18 жастағы Ламин Ямаль XXI ғасырда Ла Лига тарихындағы ең жас хет-трик авторы атанды. Оның жарқын ойыны каталондықтарға 4:1 есебімен сенімді жеңіс сыйлап, чемпиондық бәсекеде қарсыластарынан алшақтай түсуіне мүмкіндік берді.

Жуырда ғана шап жарақатынан толық айыққан Ямаль алаңда экстра-класс деңгейін көрсетті. Мансабындағы алғашқы хет-трик әсерлі әрі дер кезінде тіркелді:

28-минут: Фермин Лопестің допты тартып алуынан кейін Ямаль қақпашымен жеке-дара шығып, дәл соққымен есеп ашты.

37-минут: Шедеврге бергісіз жеке шеру. Оң қапталдан орталыққа қарай ойысқан Ламин екі қорғаушыны алдап өтіп, «радиобасқарылатын» соққымен допты алыс «тоғыздыққа» қадады.

69-минут: Педридің әдемі пасынан кейін қарсы шабуылды салқынқанды түрде аяқтап, хет-трикін түйіндеді.

Қосымша уақытта алаңға шыққан Роберт Левандовски Жюль Кунденің қапталдан асырған добын дәл бағыттап, қорытынды есепті 4:1-ге жеткізді.

«Менің ойымша, «Вильярреал» - өте мықты команда. Жеңіске және гол соққаныма қатты қуаныштымын», - деп келтіреді Ямальдің сөзін Mundo Deportivo.

Екінші гол жанкүйерлер мен сарапшыларды ерекше тәнті етті. Осындай батыл жеке шабуылға қалай барғаны туралы сұраққа Ямаль өз ойын философиясын сенімді түрде жеткізді:

«Доп менде болғанда, біз қайда қозғалатынымызды өзім шешемін. Қорғаушының бір бағытқа қадам жасауын күттім де, өзім басқа жаққа бұрылдым».

Бұл жеңіс – аптаның басты сыны алдындағы дайындық қана. Сәрсенбі күні «Барселона» «Атлетико Мадрид» командасымен Испания Кубогының жартылай финалындағы жауапты матчты өткізеді.

Алғашқы ойында каталондықтар 0:4 есебімен ойсырай жеңілген еді. Сондықтан финалға шығу үшін командаға кемінде төрт гол соғу қажет.

Алайда Ламин Ямальдің қазіргі формасы жанкүйерлерге үміт сыйлайды. Сенбі күні «Вильярреал» қақпасына соғылған төрт гол – алдағы үлкен камбэкке берілген анық белгі секілді.

Фото Reuters