457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ламин Ямаль Испания чемпионатының үздік ойыншысы атанды

18 жастағы ойыншы «Барселона» академиясының түлегі саналады.

«Барселона» клубының шабуылшысы Ламин Ямаль 2025/26 жылғы маусым қорытындысы бойынша Испания чемпионатының үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

18 жастағы ойыншы «Барселона» академиясының түлегі саналады. Ол негізгі команда сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Өткен маусымда Ямаль Ла Лигада 28 матч өткізіп, 16 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ол командасының маусымдағы маңызды кездесулерінде шешуші рөл атқарды.

Биыл Ямаль «Барселонамен» бірге Испания чемпионы атанды. Бұдан бөлек, оның еншісінде Ла Лигадағы тағы екі чемпиондық, екі Испания суперкубогы және бір Испания кубогы бар.

Transfermarkt порталының бағалауынша, Ламин Ямаль қазір Испания чемпионатындағы ең қымбат футболшы болып саналады. Оның трансферлік құны 200 миллион еуроға бағаланған. Бұған дейін ол бұл көрсеткіш бойынша мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппемен тең тұрған еді. Алайда француз футболшысының нарықтық құны 180 миллион еуроға дейін төмендеді.

Сондай-ақ Ямаль 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Испания құрамасының соңғы тізіміне енді. Испаниялықтар турнирдегі алғашқы ойынын 15 маусымда Кабо-Верде құрамасына қарсы өткізеді. Кейін Сауд Арабиясы және Уругвай құрамаларымен кездеседі.

Ламин Ямаль Испания ұлттық құрамасы сапындағы дебютін 2023 жылы жасаған. Содан бері ол 25 матч өткізіп, 6 гол соқты. Ұлттық құрамамен бірге 2024 жылғы Еуропа чемпионатында жеңіске жетіп, 2025 жылы Ұлттар лигасының финалына дейін жетті.

Фото: Ашық дереккөзден