Куртуа «Реалдың» жас жұлдызын сынға алды
Мадридтің «Реал» клубының негізгі қақпашысы Тибо Куртуа командаласы Джуд Беллингемнің соңғы уақыттағы ойынына байланысты алаңдаушылық білдірді.
Қақпашының пікірінше, ағылшын жартылай қорғаушысының бабында болмауы «Реалдың» нәтижелеріне кері әсер етіп отыр.
El Nacional басылымының мәліметінше, Беллингем әлемдегі ең талантты жас футболшылардың бірі саналса да, соңғы айларда күткен деңгейде өнер көрсете алмай жүр. Оның соңғы матчтардағы әлсіз ойыны, жиі жарақат алуы және футболдан тыс жағдайлардағы әрекеттері клуб ішінде сынға ұшыраған.
Дереккөздерге сүйенсек, Беллингемнің түнгі клубтарға жиі баруы, демалыс режимін сақтамауы және тәртіп мәселелері командада талқыланып, ішкі сынның нысанына айналған.
Беллингем Ла Лигадағы алғашқы айларында бірден көзге түсіп, «Реалдың» басты жұлдыздарының бірі атанған еді. Алайда соңғы уақытта ол бұрынғы қарқынын жоғалтып, тіпті кейде бапкерлер нұсқауларын толық орындамайтын жағдайлар байқалған.
Сонымен қатар, Беллингемнің Хаби Алонсо тарапынан сынға алынған ойыншылардың қатарында болғаны айтылып отыр. Бұл жағдай баск маманның қызметінен кетуіне әсер еткен факторлардың бірі ретінде қарастырылуда.
Куртуа Беллингемге нақты үндеу жасап, оның қайтадан алаңдағы ойынға толық көңіл бөлуі қажет екенін атап өтті.
«Жас көшбасшылардың барынша беріліп ойнауы – клубтың титулдар үшін күресінде шешуші рөл атқарады», – деген Куртуа.
Ал Daily Mail мәліметінше, Куртуа Беллингемнің әлеуеті өте жоғары екенін, бірақ ол футболдан тыс нәрселерге алаңдамай, кәсіби тәртіпке қайта оралса ғана «Реалдың» басты жұлдызы ретінде қайта жарқырай алатынын жеткізген.
Фото: ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған