Мәзір
Футбол

Криштиану Роналдуның ұлы Португалия жасөспірімдер құрамасына алғаш рет шақырту алды

Сабина Асқарқызы 249 қаралым
Криштиану Роналдуның ұлы Португалия жасөспірімдер құрамасына алғаш рет шақырту алды

Аты аңызға айналған футболшы Криштиану Роналдуның ұлы, қазіргі таңда Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубында өнер көрсететін 15 жастағы Криштиану Роналду дос Сантос, Португалияның жасөспірімдер құрамасына алғаш рет ресми шақырту алды, деп жазады malimsports.kz.

Бұл туралы Португалия футбол федерациясы ресми түрде мәлімдеді. 

Жас ойыншы үшін бұл – ұлттық құраманың осы жас санатындағы алғашқы шақыртуы болып отыр. Ол Антальяда өтетін Федерация кубогында Португалия құрамасының намысын қорғайтын болады. Турнир аясында португалдық жасөспірімдер Түркия, Англия және Уэльс құрамаларымен кездеседі.

Айта кетейік, Роналду-кіші өзінің халықаралық деңгейдегі алғашқы матчына 2025 жылдың 13 мамырында шыққан. Ол кезде Португалия жасөспірімдер құрамасы Хорватияға қарсы ойнаған болатын.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар