Криштиану Роналду ұлылыққа жеткізетін маңызды қасиет туралы айтты
Әлем футболының ең табысты ойыншыларының бірі, Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі X парақшасында ұлылыққа жеткізетін маңызды қасиет туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Футболшының пікірінше, үздік болуды көздеген адам үнемі ізденісте болуы тиіс.
"Қызығушылық - ұлылықтың басты шарты. Сіз күн сайын жаңа сұрақтар қойған кезде жеңіске жетесіз", - деп жазды Роналду.
Криштиану Роналду - УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмерген (140 гол) әрі мадридтік «Реалдың» рекордшысы (450 гол).
Сондай-ақ ол ұлттық құрамалар тарихында ең көп гол соққан футболшы болып саналады.
Португалия құрамасында ол 225 матч өткізіп, 143 гол және 46 нәтижелі пас берді. 2016 жылы құрамамен Еуропа чемпионы атанып, 2015 және 2019 жылдары УЕФА Ұлттар лигасында топ жарған.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған