457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Криштиану Роналду Ташкентте доп тебеді

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының 2026/27 жылғы Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластарын анықталды, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Криштиану Роналду өнер көрсететін команда өз алаңында Қатардың «Әл-Садд» және «Әш-Шамаль», Өзбекстанның «Нефтчи», сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Васл» клубтарын қабылдайды.

Ал сырт алаңдағы кездесулерде «Әл-Наср» БАӘ-нің «Әл-Айн» және «Шабаб Әл-Ахли», Қатардың «Әл-Ғарафа» және Өзбекстанның «Пахтакор» командаларымен кездеседі.

«Пахтакор» өз алаңындағы матчтарын Ташкенттегі 35 мың көрерменге арналған стадионда өткізеді. Екі команда арасындағы кездесу 2 қарашаға жоспарланған. Егер Криштиану Роналду осы ойынға қатысса, әлемге әйгілі португалиялық шабуылшы Ташкентте жанкүйерлер алдына шығуы мүмкін.

Айта кетейік, Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңі 14 қыркүйекте басталып, 2027 жылдың ақпанына дейін жалғасады. Плей-офф кезеңінің ойындары 1 наурызда басталса, ширек финалдан финалға дейінгі кездесулер 23 сәуір мен 1 мамыр аралығында Сауд Арабиясында өтеді.

 

Фото: «Әл-Наср» ФК

Ең көп оқылған