Мәзір
Футбол

Криштиану Роналду тағы бір рекордты жаңартты

Сабина Асқарқызы 109 қаралым
Криштиану Роналду тағы бір рекордты жаңартты

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду әлем футболындағы тағы бір тарихи жетістікке жетті, деп жазады malimsports.kz. 

2026 жылғы әлем чемпионатының Еуропа аймағындағы іріктеу кезеңінің 4-туры аясында Португалия Лиссабондағы «Жозе Алваладе» стадионында Мажарстан құрамасын қабылдап, 2:2 есебімен тең түсті.

40 жастағы Роналду бұл кездесуде дубль жасап, 22 және 45+3 минуттарда гол соқты. Бұл оның кәсіби мансабындағы 947-ші және 948-ші голдары болды. Сонымен қатар ол әлем чемпионатының іріктеу ойындарында 41 гол соғып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Мажарстан сапынан Адам Салаи (8-минут) және Доминик Собослаи (90+1-минут) көзге түсті.

Роберто Мартинес жаттықтыратын Португалия құрамасы қазір 10 ұпаймен E тобының көшін бастап тұр, ал Марко Росси басқаратын Мажарстан 5 ұпаймен екінші орында келеді.

 

 

Фото: sportbox.ru

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар