Криштиану Роналду футболдағы мансабын қашан аяқтауы мүмкін екенін айтты
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін уақытты айтып, футболдан кейінгі жоспары туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Футболшы сұхбатында қазіргі маусым оның кәсіби мансабындағы соңғы жылы болуы ықтимал екенін мәлімдеді.
«Бұл, бәлкім, футболдағы соңғы жылым болар. Мен өзімнен кейін әсерлі мұра қалдырғым келеді», - деді Роналду.
Португалиялық жұлдыз 25 жылдық мансабында футбол үшін көп нәрседен бас тартуға тура келгенін атап өтті. Енді ол болашақта отбасына көбірек уақыт бөлгісі келеді.
«Футболдан кеткеннен кейін өмірде үлкен бос кеңістік пайда болуы мүмкін. Сондықтан уақытыңды бір ғана нәрсеге емес, түрлі дүниеге арнау керек. Көбірек көңіл көтеріп, саяхаттап, өзіме қатты ұнайтын падел ойынын ойнап, көріп, осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктерімнен ләззат алғым келеді», - деді футболшы.
Айта кетейік, «Аль-Наср» капитаны жаңа маусымдағы алғашқы матчқа қатыспады. Ол ұлы Криштианумен бірге кездесуді трибунадан тамашалады.
Роналду маусым басталардан бірнеше күн бұрын көптен бері бірге жүрген сүйіктісі Джорджина Родригеспен некесін қиған болатын.
Фото: Getty Images
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған