Мәзір
Футбол

Криштиану Роналду Ақ үйдегі ресми кездесуге шақырылды

Берік Дәулетов 151 қаралым
Криштиану Роналду Ақ үйдегі ресми кездесуге шақырылды

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду АҚШ-қа сапармен келген ханзада Мұхаммед бин Салманның құрметіне ұйымдастырылған кешкі асқа жеке шақырту алды, деп жазады malimsports.kz. 

Одан бөлек, шараға Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, кәсіпкер Илон Маск, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, қаржы министрі Скотт Бессент және Пентагон басшысы Пит Хегсет қатысты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Роналдуға іс-шараға қатысқаны үшін алғыс айтып, өзінің 19 жастағы ұлы Бэрронның футбол жұлдызының көптен бергі жанкүйері екенін атап өтті.

Фото: sport-express.ru

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар