457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Криштиану Роналду әлемдік рекордты қайталап, жеке көрсеткішін жаңартты

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бір ойынның өзінде бірнеше тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Мажарстанға қарсы өткен кездесуде ол 58-минутта пенальтиді сәтті орындап, Португалияға жеңіс сыйлады – 3:2.

Осы голдың арқасында Роналду әлем чемпионатының іріктеу ойындарындағы 39-шы голын соғып, Гватемала футболшысы Карлос Руиске тиесілі болған рекордты қайталады.

Сонымен қатар Роналду ұлттық құрама сапындағы 141-ші голын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол әлем футболшылары арасында көш бастап тұр. Оны Аргентина жұлдызы Лионель Месси 114 голмен өкшелеп келеді.