457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Криштиану Роналду әлемдік футбол тарихын қайта жазды

40 жастағы жұлдызды форвард Сауд Арабиясы чемпионатындағы «Әл-Риядқа» қарсы өткен ойында дубль авторы атанды.

«Әл-Наср» клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби мансабындағы 945-ші голын соғып, әлем футболындағы жаңа тарихи рекорд орнатты.

40 жастағы жұлдызды форвард Сауд Арабиясы чемпионатындағы «Әл-Риядқа» қарсы өткен ойында дубль авторы атанды. Ол 33-ші және 76-шы минуттарда гол соғып, командасына 5:1 есебімен ірі жеңіс әкелді. Бұл - Роналдудың мансабындағы 944-ші және 945-ші голдары болып тіркелді.

Жаңа маусымда Криштиану бес матчтың өзінде төрт гол соғып, бір нәтижелі пас берді. 2023 жылдан бері «Әл-Насрдың» намысын қорғап келе жатқан португалдық футболшы осы уақытқа дейін 110 кездесуде 97 гол соғып, 20 нәтижелі пас берген.

Осылайша, Роналду футбол тарихында ең көп гол соққан ойыншы ретінде жеке рекордын нығайтып, әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүргенін дәлелдеді.

Фото: ©instagram.com/cristiano/