Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапына қайта оралды
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 22-туры аясында өтетін "Әл-Наср" - "Аль-Фатех" матчын негізгі құрамда бастайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бұл туралы клубтың Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында айтылды.
41 жастағы Роналду бұған дейін Эр-Рияд және Аль-Иттихад клубтарына қарсы ойындарды өткізіп жіберген. ESPN және A Bola басылымдарының мәліметінше, футболшы Сауд Арабиясының Қоғамдық инвестициялық қоры - Public Investment Fund (PIF) тарапынан клубты басқару саясатына, қысқы трансферлік кезеңдегі белсенділіктің төмендігіне және кейбір қызметкерлер мен серіктестерге жалақы қарыздарының болуына наразы болған.
Осы жағдай аясында америкалық FOX Sports телеарнасы Сауд Арабиясы Про-лигасымен серіктестігін тоқтатқан. Соның салдарынан лига кемінде 2,4 миллиард доллар көлеміндегі табыстан айырылғаны айтылды.
Фото: Getty Images
Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
Ең көп оқылған