Мәзір
Футбол

«КПЛ тарихындағы ең қымбат ойыншы». Нанидің "Ақтөбемен"  келісімшартының жайы белгілі болды

Сабина Асқарқызы 149 қаралым
«КПЛ тарихындағы ең қымбат ойыншы». Нанидің "Ақтөбемен"  келісімшартының жайы белгілі болды

Португалия құрамасының бұрынғы футболшысы Луиш Нанидің «Ақтөбе» клубына ауысуына қатысты тың деректер жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

«Растаймын! Португал футболының аңызы, жартылай қорғаушы Нани „Ақтөбе“ ФК-ның жаңа ойыншысы атанады. Менің мәліметім бойынша, 2016 жылғы Еуропа чемпионы ақтөбелік клубпен келісімшарттың барлық шарттарын келіскен және жақын арада команданың оқу-жаттығу жиынына қосылады. Келісімшарт 1 жылға жасалған. Жалақысы – КПЛ тарихындағы ең жоғары болады», - деп жазады дереккөз.

Көпшілік жанкүйерлерге Нани «Манчестер Юнайтед» сапындағы өнерімен жақсы таныс. Англиялық клуб құрамында ол АПЛ-дың 4 дүркін чемпионы,

Лига кубогының 2 дүркін иегері, Чемпиондар лигасының жеңімпазы,

Англия Суперкубогының 4 дүркін иегері, Клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Сондай-ақ футболшы әр жылдары «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио», «Орландо Сити», «Венеция», «Мельбурн Виктори», «Адана Демирспор» және «Эштрела» клубтарында өнер көрсетті.

Дереккөздің мәліметінше, 22 қаңтарда Нани Алматыға ұшып келеді. Одан кейін Ақтөбеге барып, сол жерде ресми таныстырылым өтеді.

Еске салайық, жуырда «Ақтөбе» клубының иесі Нұрлан Артықбаев атанды. Forbes дерегіне сәйкес, кәсіпкердің байлығы 228 миллион долларды құрайды.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар