Чемпиондар лигасының бесінші турында өтетін «Копенгаген» мен «Қайрат» арасындағы кездесуге Шотландиядан келген төрешілер тобы тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ойынның бас төрешісі – Ник Уолш. Оған көмекшілік міндетті атқаратындар: Фрэнсис Конор мен Даниэль Макфарлан. Төртінші төреші қызметін Дональд Робертсон атқарады.
VAR жүйесінде Михаэль Салисбери (Англия) және Роберт Шредер (Германия) жұмыс істейді.
Айта кетейік, матч 26 қараша күні «Паркен» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақыты бойынша 22:45-те басталады.
Төрт турдың қорытындысы бойынша «Копенгаген» мен «Қайрат» бір-бір ұпайдан жинап, жалпы кезең кестесінде тиісінше 33-ші және 34-орындарда тұр. Дат клубы соғылған және жіберілген доптар айырмасы бойынша ғана алда келеді.
Фото: ФК "Қайрат"