Конференция лигасы: «Тобыл» сырт алаңда «Партизаннан» ірі есеппен жеңіліп қалды
Қостанайдың «Тобыл» клубы UEFA Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді. Қазақстандық команда сырт алаңда Сербияның «Партизан» клубымен кездесті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Белградта өткен ойын алаң иелерінің 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Матчтағы есепті 33-минутта сенегалдық шабуылшы Демба Сек ашты. Екінші таймның 65-минутында Ибрахим Зубайру «Партизанның» басымдығын арттырды. Ал төреші қосқан алтыншы минутта Чака Траоре үшінші голды соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
Командалар арасындағы қарымта матч 13 тамызда Қостанайда өтеді.
Айта кетейік, «Тобыл» – «Партизан» жұбының жеңімпазы плей-офф кезеңінде Испанияның «Хетафе» клубымен кездеседі.
Фото: "Тобыл" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған