457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Конференция лигасы: «Тобыл» бүгін «Паневежиске» қарсы шешуші матч өткізеді

Қостанайдың «Тобыл» клубы UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матчта Литваның «Паневежис» командасын қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесу 30 шілде күні Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де Қостанай қаласындағы Орталық стадионда өтеді.

Ойынға украиналық төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді. Бас төреші болып Денис Шурман тағайындалды. Оған Алексей Миронов пен Светлана Грушко көмекшілік етеді. Төртінші төреші – Александр Шандор.

Еске салайық, Литвада өткен алғашқы кездесуде командалар 1:1 есебімен тең түскен болатын. Алаң иелері сапынан Сейдина Кейта 45-минутта есеп ашса, матчтың 84-минутында «Тобыл» қорғаушысы Неманя Цавнич баспен гол соғып, таразы басын теңестірді.

Егер қостанайлық клуб келесі кезеңге жолдама алса, үшінші іріктеу кезеңінде Сербияның «Партизан» және Люксембургтің «УНА Штрассен» командалары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Алғашқы матч 6 тамызда сырт алаңда, қарымта кездесу 13 тамызда өтеді.

 

Фото: "Тобыл" Фк