Мәзір
Футбол

Конференция лигасы: «Тобыл» алғашқы ойында «Паневежис» клубымен тең түсті

Сабина Асқарқызы 29 қаралым
Конференция лигасы: «Тобыл» алғашқы ойында «Паневежис» клубымен тең түсті

Қостанайдың «Тобылы» Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын сырт алаңда өткізіп, Литваның «Паневежис» клубымен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Кездесудің 45-минутында алаң иелерінің қорғаушы Сейдина Кейта мергендік танытып, «Паневежисті» алға шығарды.

Екінші таймда «Тобыл» таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. 60-минутта қазақстандық клубтың пайдасына пенальти белгіленгенімен, капитан Асхат Тағыберген он бір метрлік айып добын голға айналдыра алмады.

Соған қарамастан, 84-минутта Неманья Цавнич баспен дәл соққы жасап, есепті теңестірді. Қалған уақытта командалар жеңіс голын соға алмай, матч 1:1 есебімен аяқталды.

Қарымта кездесу 30 шілдеде Қостанайда өтеді.

Айта кетейік, «Тобыл» келесі кезеңге өткен жағдайда Сербияның «Партизан» клубы мен Люксембургтің «УНА Штрассен» командасы арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны 6 тамызда, ал қарымта кездесуі 13 тамызда өтеді.

 

Фото: "Тобыл" ФК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар