Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Футболдан UEFA Конференция лигасының 1/4 финалына шыққан сегіз команда белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Олар: «Страсбург» (Франция), АЗ Алкмаар (Нидерланд), «Райо Вальекано» (Испания), «Шахтер» (Украина), АЕК Афины (Грекия), «Фиорентина» (Италия), «Майнц» (Германия), «Кристалл Пэлас» (Англия).
Соңғы кездесу нәтижелері:
«Страсбург» – «Риека» 1:1 (бірінші ойын 2:1)
«Спарта Прага» – АЗ Алкмаар 0:4 (1:2)
«Райо Вальекано» – «Самсунспор» 0:1 (3:1)
«Шахтер» – «Лех» 1:2 (3:1)
АЕК Афины – «Целе» 0:2 (4:0)
«Фиорентина» – «Ракув» 2:1 (2:1)
«Майнц» – «Сигма» 2:0 (0:0)
«АЕК Ларнака» – «Кристалл Пэлас» 0:0, қосымша кезеңде 2:1 (0:0)
Финал 27 мамырда Германияның «Лейпциг» қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өтеді.
Айта кетсек, Конференция лигасы 2021 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін турнирде «Рома» (Италия), «Вест Хэм» Юнайтед (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Челси» (Англия) командалары жеңімпаз атанған.
Фото: gettyimages.com
Конференция лигасы: ширек финалға шыққан командалар анықталды
Ең көп оқылған