Конференция лигасы: бүгін «Астана» мен «Елімай» қарымта матчтарын өткізеді
Бүгін «Астана» мен «Елімай» командалары УЕФА Конференция лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтарын өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Астана» өз алаңында Албанияның «Динамо Сити» клубын қабылдайды. Кездесу «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч 20:00-де басталады. Ойынды Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ арнаның ресми сайты арқылы да көруге болады.
Алғашқы кездесуде Григорий Бабаян шәкірттері сырт алаңда 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жалғыз голды 69-минутта Рамазан Кәрімов соқты.
Бұл жұптың жеңімпазы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда еурокубоктардағы өнерін аяқтайды.
Сондай-ақ бүгін семейлік «Елімай» өз алаңында Арменияның «Алашкерт» клубымен қарымта кездесу өткізеді. Семейдегі матч 20:00-де басталады. Бұл ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кездесуді арнаның ресми сайты арқылы да тамашалауға болады.
Ереванда өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Қазақстандық клуб сапынан Арсен Әшірбек 60-минутта есеп ашса, алаң иелері 86-минутта Давид Тертерянның голының арқасында таразы басын теңестірді.
Егер «Елімай» келесі кезеңге өтсе, Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Румынияның «ЧФР Клуж» клубымен кездеседі. Бұл кезеңнің алғашқы ойындары 23 шілдеде, ал қарымта матчтары 30 шілдеде өтеді.
Айта кетейік, Андрей Карпович шәкірттері үшін бұл – клуб тарихындағы еурокубоктардағы алғашқы маусым.
Айта кетейік, бұған дейін алматылық «Қайрат» Черногорияның «Сутьеска» клубын екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіп, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне шыққан еді.
Фото: "Астана" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған