457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Конференция лигасы: «Астана» мен «Елімайдың» матчтарын қайдан көруге болады?

Бүгін қазақстандық екі клуб – «Астана» мен «Елімай» УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарын өткізеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Андрей Карпович шәкірттері Арменияның «Алашкерт» командасымен сырт алаңда кездеседі. Матч Ереванда Астана уақытымен 21:00-де басталады. Бұл – «Елімайдың» еурокубоктардағы дебюттік ойыны.

Кездесуді Qazsport телеарнасы 20:50-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ матчты телеарнаның ресми сайты арқылы да көруге болады. Қарымта ойын 16 шілдеде Қазақстанда өтеді.

Ал елордалық «Астана» бірінші іріктеу кезеңінде Албанияның «Динамо Сити» клубымен кездеседі. Ойын Эльбасан қаласында өтеді және Астана уақытымен 00:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы Qazaqstan телеарнасында 23:50-де көрсетіледі. Қарымта кездесу 16 шілдеде Астанада өтеді.

Еске салайық, кеше алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңіп, жаңа еурокубок маусымын сәтті бастады.

 

Фото: "Елімай" ФК