Мәзір
Футбол

Колумбиялық жас футболшы матч кезінде көз жұмды

Сабина Асқарқызы 103 қаралым
Колумбиялық жас футболшы матч кезінде көз жұмды

Сантьяго Кастрильон 18 жасында матч барысында есінен танып, кейін қайтыс болды. Бұл туралы Мильонариос клубының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz. 

Қайғылы оқиға 20 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы ұлттық турнир аясында өткен матч кезінде болған. Кездесу барысында Кастрильон кенеттен есінен танып қалған. Дәрігерлер оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін мамандандырылған ауруханаға жеткізген. Онда футболшы кардиолог мамандардың бақылауында болған.

Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, жас спортшы есін жимастан көз жұмды. Клубтың мәлімдемесінде оның отбасы, командаластары мен жақындарының жанында болғаны айтылған.

Айта кетейік, Сантьяго Кастрильон биыл қаңтар айында Богота қаласында өткен оқу-жаттығу жиынына Колумбия U-19 құрамасы сапына шақырту алған.

Футболшы негізгі команда сапында ресми матчтарға қатыспағанымен, бірнеше рет ойынға өтінімге енгізілген.

Бұл қайғылы жағдай спорт әлемінде үлкен өкініш туғызып, жас дарынның мезгілсіз қазасы жанкүйерлер мен әріптестерін бей-жай қалдырмады.

Фото:  Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар