Мәзір
Футбол

Килиан Мбаппе тізе жарақатына байланысты емделуге аттанды

Сабина Асқарқызы 152 қаралым
Килиан Мбаппе тізе жарақатына байланысты емделуге аттанды

Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппеге сол жақ тізе байламдарының созылуы диагнозы қойылды, деп жазады malimsports.kz. 

Француз футболшысының нақты қашан толық қалпына келетіні әзірге белгісіз. Алайда L’Equipe басылымы хабарлағандай, Мбаппе шамамен үш апта алаңға шықпайтын көрінеді. 

Осы себептен ол 7-11 қаңтар аралығында Сауд Арабиясында өтетін Испания Суперкубогының матчтарын өткізіп алады.

Ағымдағы маусымда 27 жастағы Мбаппе «Реал» сапында барлық турнирде 24 матчқа қатысып, 29 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

Испания чемпионатында 18 турдан кейін мадридтік «Реал» 42 ұпаймен екінші орында, ал көшбасшы - «Барселона» (46 ұпай).

Фото: Ашық дереккөзден

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар