Килиан Мбаппе Ла Лига тарихында Роналдудың рекордын жаңартты
«Реал Мадридтің» француз жұлдызы Килиан Мбаппе Испания біріншілігінде тарихи нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ла Лиганың 11-турында «Валенсияға» қарсы өткен кездесуде (4:0) ол екі гол соғып, тағы бір елеулі рекордты жаңартты.
19 және 31-минуттарда мергендігімен көзге түскен Мбаппе Испания чемпионатындағы алғашқы 45 ойында 44 гол соқты. Осылайша ол Криштиану Роналдудың көрсеткішінен озды – португалиялық шабуылшы 45 матчта 43 гол тіркеген болатын.
Мұндай нәтиже бұған дейін тек мадридтік «Реал» аңызы Ференц Пушкашқа тиесілі еді. Венгриялық футболшы өз карьерасының алғашқы 44 матчында 44 гол соққан. Содан бері Ла Лиганың жаңа тарихында мұндай тиімділікке ешкім жете алмаған еді.
Мбаппе 2024 жылдың жазыда ПСЖ клубынан «Реалға» ауысып, 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойған болатын. Биылғы маусымда ол барлық турнирлерде 14 матч өткізіп, 18 гол және 2 нәтижелі пас жасады.
Қазіргі уақытта «Реал Мадрид» 30 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Клубтың келесі ойыны 9 қараша күні сырт алаңда «Райо Вальекано» командасына қарсы өтеді.
Еуропа футболында жаңа кезеңнің басталғанын көрсеткен Мбаппенің бұл жетістігі оны испан футболының тарих бетіне мәңгілікке жазып отыр.
Фото:
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған