457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

KeshYou «Қайрат» футбол клубына арнап ән жазды

Жаңа ән қазірдің өзінде «Қайрат» жанкүйерлерінің бейресми гимніне айналуы мүмкін деген болжамдар айтылуда

Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың жетекшілігіндегі KeshYou тобы алматылық «Қайрат» футбол клубына қолдау білдіріп, арнайы ән шығарды. Жаңа туынды топтың ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Футбол алаңында түсірілген клипте топ мүшелері клубтың дәстүрлі қара-сары түстеріндегі образда көрінеді. Ән мәтінінде жеңіске деген жігерлі рух, отансүйгіштік сезім айқын аңғарылады.

Жаңа әнде мынадай жолдар бар:

«Жүрегім сап-сары, көздерім қап-қара,
Бұл түстер маған үйлеседі.
Енді мен мың өліп, мың тірілсем де,
Жеңіссіз үйге қайтпаймын».

Жанкүйерлердің реакциясы

Туынды әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Пікірлер әртүрлі болғанымен, көпшілік әннің идеясына жоғары баға берді:

«Креативті шыққан! Сөздері де, образдары да ұнады»;

«„Қайрат! Айырад!» деген ұран қосылса, тіпті әсерлі болар еді»;

«Өзім «Ақтөбенің» жанкүйері болсам да, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытып жүрген «Қайратқа» жеңіс тілеймін. Біз бөлінбейік, бәріміз бір қазақпыз!»;

«Осыдан кейін «Қайрат» міндетті түрде жеңуі тиіс».

Жаңа ән қазірдің өзінде «Қайрат» жанкүйерлерінің бейресми гимніне айналуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Фото: Видеодан кадр