«Керемет ойын күтіп тұр»: Рикардиньо «Қайрат» – «Левски» матчы туралы
Бір кездері «Қайрат» пен «Левски» сапында өнер көрсеткен бразилиялық шабуылшы Рикардиньо қос команда арасындағы Чемпиондар лигасының қарымта кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Футболшы екі клубтың да өзіне жақын екенін айтып, алдағы ойында жеңімпазды алдын ала болжау қиын екенін атап өтті.
Екі командаға да қатты бауыр басып қалдым, бірақ «Левски» мен үшін ерекше клуб. «Қайратта» ойнау мүмкіндігіне ие болдым, бұл негізінен «Левскидегі» жетістіктерімнің арқасында жүзеге асты. «Қайраттан» жақында ғана кеткендіктен, онда әлі де көптеген достарым бар және командадағы ойыншылардың басым бөлігін танимын. Ал мен кеткеннен бері «Левски» сапында көптеген өзгеріс болды. Соған қарамастан клубпен және жанкүйерлермен байланысым әлі де өте берік. Қай команданың жеңіске жететінін нақты айту қиын. Бірақ бізді өте тартысты ойын күтіп тұрғанына сенімдімін. Қай команда жеңіп, Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтсе де, мен оған қуанышты боламын, – деді Рикардиньо.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Левски» арасындағы Чемпиондар лигасының қарымта матчы ертең өтеді. Сырт алаңдағы алғашқы кездесуде "Қайрат" қарсыластарына 0:1 есебімен жол берген еді.
Фото: "Қайрат" ФК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған