457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Каспий" клубы жекеменшікке өте ме

Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт Қобланов бұған қатысты түсініктеме берді

Ақтауда Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының ұсынысы негізінде, облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Кәсіптік футбол клубын» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын бәсекелестік ортаға беру мәселесіне арналған көпшілік тыңдау өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Көпшілік тыңдаудың негізгі мақсаты – азаматтарды жоспарланып отырған өзгерістер туралы жан-жақты ақпараттандыру, сондай-ақ қоғам пікірін ескере отырып, тиісті ұсыныстар мен пікірлерді жинақтау. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаттары, мәслихат аппаратының өкілдері, салалық басқарма басшылары мен қызметкерлері, футбол клубы басшылығы, журналистер және облыс тұрғындары қатысты. 

Тыңдау барысында Маңғыстау облыстық қаржы басқармасының басшысы Марина Альбекова баяндама жасап, "Кәсіптік футбол клубын" бәсекелестік ортаға беру тетіктері мен күтілетін нәтижелерге тоқталды. Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт Қобланов және «Каспий» ФК басшысының орынбасары Қуаныш Қалымов өз салалары бойынша түсіндірме берді.

Фото: