457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти алдағы жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл матчтар 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық кезеңі болмақ.

Ең басты жаңалық – шабуылшы Неймар құрамға енген жоқ. «Сантос» клубының форварды әрі Бразилия құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген Анчелотти тағайындалғалы бері әлі бірде-бір рет түпкілікті тізімге енгізілмеген.

Бразилия құрамасы:

Қақпашылар: Алисон Бекер (Ливерпуль), Бенто Маттеус Крепски (Әл-Наср), Эдерсон Мораес (Фенербахче)

Қорғаушылар: Алекс Сандро (Фламенго), Глейсон Бремер (Ювентус), Данило Луис да Силва (Фламенго), Дуглас Сантос (Зенит), Габриэл Магальяйнс (Арсенал), Рожер Ибаньес (Әл-Ахли), Лео Перейра (Фламенго), Маркиньос (Пари Сен-Жермен), Уэсли Франса (Рома)

Жартылай қорғаушылар: Андрей Сантос (Челси), Каземиро (Манчестер Юнайтед), Данило (Ботафого), Фабиньо (Әл-Иттихад), Габриэл Сара (Галатасарай)

Шабуылшылар: Эндрик (Лион), Габриэл Мартинелли (Арсенал), Игор Тьяго (Брентфорд), Луис Энрике (Зенит), Матеус Кунья (Манчестер Юнайтед), Рафинья (Барселона), Райан Кристи (Борнмут), Винисиус Жуниор (Реал Мадрид), Жоао Педро (Челси)

Алдағы кездесулерде Бразилия құрамасы Франция (26 наурыз) және Хорватия (1 сәуір) құрамаларымен ойнайды. Бұл матчтар АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионаты алдындағы соңғы тексеріс болмақ.

 

 

Фото: ©Depositphotos/m.iacobucci.tiscali.it