457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Канадада әлем чемпионаты қарсаңында 2,5 миллион долларлық жалған футбол атрибутикасы тәркіленді

Бұл – Канада тарихындағы ең ірі контрафактілік футбол жейделерінің партиясы болып отыр. 

Канада құқық қорғау органдары 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты қарсаңында жалпы құны 2,53 миллион АҚШ долларын құрайтын контрафактілік футбол атрибутикасын тәркіледі, деп хабарлайды malimsports.kz

Шетелдік ақпарат көздерінің мәліметінше, Онтарио провинциясындағы Үлкен Торонто аумағына кіретін Миссиссога қаласындағы қоймадан 16 мың жалған футбол жейдесі мен жалауша тәркіленген. Олардың барлығында ФИФА-ның және үш танымал спорттық брендтің логотиптері заңсыз пайдаланылған.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары әлем чемпионаты кубогының екі жалған көшірмесін анықтады. 

Мамандардың айтуынша, бұл – Канада тарихындағы ең ірі контрафактілік футбол жейделерінің партиясы болып отыр. Оқиғаға байланысты екі ер адам ұсталып, оларға ресми айып тағылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш мемлекет – АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында ұйымдастырылады және оған алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады.

Әлемдік доданың алты матчы Торонто қаласында өтеді деп жоспарланған.

Фото: Ашық дереккөзден