Какау Қазақстан құрамасына қосылған бразилиялық ойыншы туралы пікір білдірді
Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері Какау «Аят» клубының бразилиялық шабуылшысы Жеже туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz sports.kz басылымына сілтеме жасап.
Жақын арада ол Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапында ойнауға мүмкіндік беріледі.
Бас бапкердің айтуынша, Жеженің құжат рәсімдеу үдерісінен хабардар және бұл жаңалықты оң қабылдаған.
- Жеже жақын уақытта паспорт алуы тиіс екені белгілі. Оған үміт артып отырсыз ба?
— Иә, бұл туралы білемін және өте қуаныштымын. Ол — мықты ойыншы. Алайда алдымен жаттығу және ойын үдерісін дұрыс жолға қойып, жарыс күнтізбесін нақтылап алуым қажет. Тек содан кейін ғана құрамаға қандай ойыншыларды шақыру керектігін ойлаймын, - деді Какау.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жеже Қазақстан азаматтығын алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын мәлімдеген еді.
Қазақстан азаматы болатыныма өте қуаныштымын. Бұл ел маған қатты ұнайды және жасаған таңдауымның дұрыс екеніне сенімдімін, - деген болатын бразилиялық футзалшы.
Фото: sports.kz
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған