Какау Қазақстан футзал құрамасына бас бапкер болып бекітілді
Рикардо Камара Собрал (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды malimsports.kz.
54 жастағы маманның есімі Қазақстан футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында футзалдан Қазақстан құрамасын жаттықтырған.
Ұлттық құрама білікті маманның жетекшілігімен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін иеленіп, тарихи жетістікке қол жеткізді.
Бұл жолғы тағайындау құраманың алдағы халықаралық жарыстарға дайындығын күшейту мақсатында жүзеге асырылды.
Айта кетейік, Какау Қазақстаннан кеткеннен кейін Италияның «Наполи», Румынияның «Юнайтед Галати», Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.
Фото: ҚФФ
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған