457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Кайрат» қақпасын кім қорғайды? Бас бапкер жауап берді

Бірақ қазіргі таңда Темірлан бірінші нөмір

«Кайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин алдағы «Интерге» қарсы матч алдында қақпашылар таңдауына қатысты пікір білдірді.

Баспасөз мәслихатында одан Темірлан Анарбековтің жағдайы және Александр Заруцкийдің ойнау мүмкіндігі сұралды.

«Темірлан қазір бабында. Ол чемпионатта да, еурокубоктарда да өзінің тәжірибесі мен сенімділігін көрсетіп жүр. Александр әлі толық қалыпқа келген жоқ, жалпы топпен жаттығып жүр, оралғанына қуаныштымыз. Бірақ қазіргі таңда Темірлан бірінші нөмір», - деді Уразбахтин.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында «Интер» мен «Кайрат» ойыны 5 қарашадан алтысына қараған түні Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді.

Фото:«Кайраттың» баспасөз қызметі