Мәзір
Футбол

Иван Дычко Тайсон Фьюриді жекпе-жекке шақырды

MalimSports 97 қаралым
Иван Дычко Тайсон Фьюриді жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық суперауыр салмақтағы нокаутер Тайсон Фьюриді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды malimsports.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы, суперауыр салмақ өкілі Иван Дычко (15-1, 14 КО) рингте кездескісі келетін қарсыласын атады.

- Кіммен жекпе-жек өткізгіңіз келеді?
- Осы әзілқой Тайсон Фьюри-мен жұдырықтасқым келеді. Ол дәл қазір қайта оралып жатыр. Қызық жігіт. Ең бірінші ойыма сол келді, - деді Дычко Рудный қаласындағы бокс мектебіне берген қысқа сұхбатында.

Айта кетейік, Иван Дычко бұған дейін «Сыған королі» атанып кеткен Тайсон Фьюримен бірге спарринг өткізген тәжірибеге ие.

Дычко соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 13 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізіп, кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ол кездесуде Джермейн Франклин-младший (24-2, 15 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар