457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Италияның атақты «Интер» клубы әжеліде қазақ тілінде жазба жариялады

Видеода қазақстандық әншінің әні пайдаланылған.

Италияның атақты «Интер» футбол клубы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қазақ тілінде жазба жариялап, қазақстандық жанкүйерлерді қуантты.

Италия гранды Қазақстанның «Қайрат» командасымен өтетін матч алдында Instagram парақшасында Диего Симеоненің «Миланға» соққан голының видеосын бөлісті. Жазба қазақ тілінде жарияланған.

«Симеоне дербиде нақтылық пен қабілетке толы гол соқты. Осындай контент үшін фоллай бас», – деп жазды клуб ресми аккаунтында.

Сонымен қатар видеода қазақстандық әншінің әні пайдаланылған.

Айта кетейік, «Интер» мен «Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен түнгі 01:00-де басталады.

Фото: Видеодан скрин