Испанияда пойыз апаты кезінде жағажай футболынан вице-чемпион қаза тапты
Жағажай футболынан әлемнің екі дүркін вице-чемпионы Давид Кордон Кано Испанияның оңтүстігінде болған теміржол апатынан қаза тапты. Қаралы хабарды «Хетафе» футбол клубының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Хетафе» футбол клубы Адамус (Кордова) аймағында орын алған теміржол апаты салдарынан қаза тапқан ойыншымыздың әкесі Давид Кордон Канонынң жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазылған клубтың ресми мәлімдемесінде.
Қайғылы оқиға 18 қаңтар күні Испанияның Кордова провинциясындағы Адамус елді мекеніне жақын жерде болды. Жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан құраммен соқтығысқан.
ESPN дерегінше, 50 жастағы Давид Кордон Кано Мадридке «Хетафе» мен «Валенсия» арасындағы матчты тамашалау үшін ұшып келген. Бұл ойында оның ұлы Давид Кордон Манча алаңға шығуы тиіс болғанымен, тізе жарақатына байланысты матчқа қатыса алмады. Осыдан кейін әкесі Уэльва қаласына жол тартып, пойыз апатына ұшыраған.
Давид Кордон Кано 2000-жылдардың басында Испанияның жағажай футболы құрамасының намысын қорғап, халықаралық аренада елінің абыройын асқақтатқан белгілі спортшы еді.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған