"Испания әлде Франция": Әлем чемпионатында қай елдің құрамасы топ жаруы мүмкін?
Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатыны басталады. Төрт жылда бір келетін дүбірлі долаға төрткүл дүние көз тігіп отыр. Кіл мықтылар бәсекесінде кім топ жаруы мүмкін? Malimsports.kz тілшісі жасаған шолуды назарларыңызға ұсынамыз.
Бұл орайда букмекерлер, суперкомпьютер және математик 2026 жылғы әлем чемпионатының фавориттерін атап отыр. Аталған мундиаль футбол тарихындағы ерекше турнир болмақ. Алғаш рет әлем біріншілігінің матчтарын бірден үш мемлекет - АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды.
Сондай-ақ бұл дода қатысушылар саны бойынша да рекорд жаңартпақ. Бұған дейінгі 32 құраманың орнына бұл жолы 48 ұлттық құрама бақ сынайды.
Букмекерлердің басты фавориті кім?
Букмекерлік кеңселердің бағалауынша, алдағы әлем чемпионатының басты фавориті - Испания құрамасы. Оның чемпион атану мүмкіндігіне 5,8-6 коэффициенті ұсынылған.
Фавориттер тізімінде екінші орында Франция құрамасы тұр (6-6,3), ал үшінші орынға Англия жайғасқан (7-7,5).
Үздік бестікке сондай-ақ Бразилия (8,5-9) және қазіргі әлем чемпиондары - Аргентина құрамасы (9) енген.
Суперкомпьютер кімге сенім артады?
Opta статистикалық платформасының суперкомпьютері де 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысушылардың мүмкіндігін есептеп, басты фавориттерді анықтады. Болжам бойынша алғашқы үштікке Испания, Франция және Англия құрамалары кірген.
Испанияның әлем чемпионы атану ықтималдығы - 16,1 пайыз. Францияның мүмкіндігі 13 пайыз деп бағаланса, Англияның көрсеткіші - 11,2 пайыз.
Қазіргі әлем чемпиондары Аргентина да басты үміткерлер қатарында. Олардың чемпиондық атақты қорғау ықтималдығы 10,4 пайызға тең.
Сондай-ақ фавориттер қатарына мына құрамалар енгізілген:
Португалия - 7%
Бразилия - 6,6%
Германия - 5,1%
Нидерланд - 3,6%
Норвегия - 3,5%
Соңғы үш әлем чемпионатының жеңімпаздарын дәл болжаған математик не дейді?
Неміс математигі Иоахим Клемент 2014, 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпиондарының кім болатынын алдын ала дәл болжаған.
Мәселен, 2010 жылғы мундиаль алдында Еуропа құрамаларының ешқайсысы өз құрлығынан тыс жерде әлем чемпионы атанбаған еді. Ал 2014 жылы Клемент Германияны чемпион болады деп болжады. Кейін Германия финалда Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Клементтің моделі бірнеше маңызды көрсеткіштерге сүйенеді. Олардың қатарында елдегі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім көлемі (спорттық инфрақұрылым деңгейіне әсер етеді), халық саны, футболдың қоғамдағы мәртебесі, ұлттық құраманың әлемдік рейтингтегі орны және кездейсоқ фактор бар.
Оның болжамынша, жартылай финалда Нидерланд құрамасы Испанияны, ал Португалия Англияны жеңеді.
Ал финалда Нидерланд құрамасы жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанады.
Балама болжам
Солтүстік Америка әлем чемпионатын төртінші рет қабылдағалы отыр. Бұған дейін турнир 1970 және 1986 жылдары Мексикада, 1994 жылы АҚШ-та өткен болатын.
1970 және 1994 жылдары әлем чемпионы Бразилия атанса, 1986 жылы Аргентина жеңіске жеткен.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнирге барлығы 48 құрама қатысады.
Фото: Getty Images
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған