457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Исмаил Бекболаттың дублі Қазақстанға маңызды жеңіс сыйлады

Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде маңызды жеңіске қол жеткізді. Салоники қаласында өткен кездесуде отандастарымыз Сербия құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матчтың 9-минутында сербиялық Милованович есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Алайда 25-минутта Төре Исмағұлов таразы басын теңестіріп, Қазақстан құрамасын ойынға қайта қосты.

Екінші таймда қазақстандық футболшылар шабуылды үдете түсті. Алдымен 47-минутта Исмаил Бекболат командасын алға шығарса, араға төрт минут салып тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыласын сенімді түрде жеңіп, турнирлік жағдайын жақсартты.

Еске салайық, іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта қазақстандық жасөспірімдер Португалиямен 1:1 есебімен тең түскен болатын. Сербияны жеңгеннен кейін команда 4 ұпай жинап, өз тобында бірінші орынға көтерілді.

Енді Қазақстан U19 құрамасы келесі кездесуін 9 маусымда Кипрге қарсы өткізеді.

 

Фото: ҚФФ