457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Иран әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Жағдайдың қалай өрбитіні алдағы уақытта белгілі болады

Иран футбол федерациясы президенті Мехди Тадж 2026 жылғы әлем чемпионатына ұлттық құраманың қатысуы мәселесіне қатысты алаңдаушылық білдірді.

Оның айтуынша, Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуі аясында мундиальға сеніммен қарау қиын.

«Бүгінгі оқиғалар мен Америка Құрама Штаттары тарапынан жасалған шабуылдан кейін әлем чемпионатына үмітпен қарау қиын. Алайда бұл мәселе бойынша соңғы шешімді спорт ұйымдарының басшылары қабылдауы тиіс», — деді Тадж шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында.

Халықаралық футбол федерациясы - FIFA - жағдайды мұқият бақылап отырғанын және қауіпсіздік мәселесі басты назарда екенін мәлімдеді.

Иран құрамасы Азия аймақтық іріктеу кезеңінде өз тобында бірінші орын алып, 2026 жылғы әлем чемпионатына тікелей жолдама жеңіп алған болатын.

Жеребе қорытындысы бойынша Иран G тобына түсті. Бұл топта сондай-ақ:

Бельгия

Египет

Жаңа Зеландия

бар.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, Иран құрамасының топтық кезеңдегі матчтары АҚШ-та жоспарланған.

Қазіргі уақытта Иранның турнирден бас тартқаны туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Соңғы шешім ел басшылығы мен спорт ұйымдарының құзырында екені айтылуда.

Жағдайдың қалай өрбитіні алдағы уақытта белгілі болады. Жанкүйерлер Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысу-қатыспауына қатысты нақты шешімді күтуде.

Фото: АР