Иран әйелдер құрамасының футболшылары Аустралияда қауіпсіз жерг көшірілді
Аустралиядан саяси баспана сұраған Иран әйелдер ұлттық футбол құрамасының бірнеше ойыншысы қауіпсіз жерден шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұл туралы Австралияның ішкі істер министрі Тони Берк мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz.
Министрдің айтуынша, Иран құрамасының жеті футболшысы өз елінде мемлекеттік әнұранды айтудан бас тартқаны үшін «сатқын» деп айыпталғаннан кейін Аустралиядан баспана сұраған. Алайда олардың бірі кейін пікірін өзгертіп, Австралиядағы Иран елшілігімен байланысқа шыққан. Соның нәтижесінде ол басқа ойыншылардың орналасқан жерін де айтып қойған.
Осы жағдайдан кейін Австралия билігі қауіпсіздік мақсатында футболшыларды басқа жерге шұғыл көшірген.
Айта кетейік, Иран құрамасы Австралияда өткен Әйелдер арасындағы Азия кубогы турнирінде топтық кезеңдегі үш матчта да жеңіліп қалды. Команда алғашқы ойында Оңтүстік Корея әйелдер құрамасына қарсы кездесуде (0:3) мемлекеттік әнұранды орындамаған. Кейінгі матчтарда Аустралия әйелдер құрамасы (0:4) және Филиппин әйелдер құрамасы (0:2) командаларына қарсы ойын алдында олар әнұранды орындап, әскери сәлем берген.
Бұған дейін Австралия билігі бес футболшыға, оның ішінде команда капитаны Захра Ганбариге баспана берілгенін хабарлаған. Кейін тағы бір ойыншы мен жаттықтырушылар штабының бір мүшесі де Иранға оралудан бас тартқаны белгілі болды. Ал қалған футболшылар елден шығып, Иранға қайтқан.
Фото: Getty Images
Карло Анчелотти Неймарды тағы да Бразилия құрамасына шақырмады
Ең көп оқылған