Мәзір
Футбол

«Интерге» гол салған «Қайрат» жұлдызы командамен қоштасты

Сабина Асқарқызы 75 қаралым
«Интерге» гол салған «Қайрат» жұлдызы командамен қоштасты

Алматылық Қайрат клубы израильдік жартылай қорғаушы Офри Арадпен қоштасты.

27 жастағы футболшы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты команданың сапынан кетті.

Арад «Қайратқа» 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде өнер көрсетті. Кейінірек тірек жартылай қорғаушы позициясына ауысып, қысқа уақыт ішінде негізгі құрамның маңызды ойыншыларының біріне айналды.

Израильдік легионер алматылық клубпен бірге 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионатын жеңіп алып, 2025 жылы Қазақстан Суперкубогын иеленді. Сондай-ақ командамен бірге Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

«Қайраттағы» соңғы матчында Офри Арад Миландағы Джузеппе Меацца стадионында өткен ойында Интер қақпасына гол соғып, кездесу 1:2 есебімен аяқталды.

Үш маусым ішінде «Қайрат» жейдесінде Арад 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Клуб пен жанкүйерлер футболшыға командаға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабына сәттілік тіледі.

Фото: «Қайрат» клубының баспасөз қызметі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар