Мәзір
Футбол

«Интер» – «Қайрат» матчын португалиялық төрешілер қазылық етеді

Сабина Асқарқызы 215 қаралым
«Интер» – «Қайрат» матчын португалиялық төрешілер қазылық етеді

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Интер» (Милан, Италия) – «Қайрат» матчын Португалиядан келген төрешілер бригадасы басқарады. Бұл туралы ұйымдастырушылар ресми түрде хабарлады.

Төрешілер құрамы:

Бас төреші: Луиш Годинью (Португалия)

Қосалқы төрешілер: Руй Тейшейра, Педру Алмейда (екеуі де Португалия)

VAR: Андре Нарсишу (Португалия)

AVAR: Тьягу Мартинш (Португалия)

Төртінші төреші: Антониу Нобре (Португалия)

Матч қашан өтеді?

«Интер» – «Қайрат» кездесуі қарашаның 5-нен 6-на қараған түні, Астана уақытымен 01:00-де, Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» стадионында өтеді.

Алматылық клуб үшін бұл – Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші матч. Команданың басты мақсаты – плей-офф кезеңіне шығу үшін қажетті ұпай жинау.

Еске сала кетейік, «Қайрат» алдыңғы кездесулерінде мықты қарсыластармен кездесіп, тартысты ойындар көрсеткен еді.

Фото: Sport5.by

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар