457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Интер» мен «Қайрат» матчында кім жеңетініне болжам жасалды

«Қайрат» Лиссабонның «Спортингіне» 1:4 есебімен, «Реалға» 0:5 есебімен есе жіберген.

DAZN стримингтік платформасы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өтетін миландық «Интер» мен алматылық «Қайрат» арасындағы ойынға өз болжамын ұсынды, деп жазады malimsports.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Кездесу қарашаның 5-інен 6-сына қараған түні атақты «Сан-Сиро» стадионында өтеді. DAZN сарапшылары бұл ойында алаң иелері ірі есеп айырмашылығымен жеңіске жетеді деп санайды. 

«Биылғы маусымда «Интердің» шабуылы ерекше қарқынға ие – шабуылшылар тұрақты түрде гол соғып жүр. Сол үрдіс «Қайратқа» қарсы матчта да қайталанады деп болжанып отыр. Болжам: «Интер» – «Қайрат» – 3:0», – делінген жарияланымда.

Еске сала кетсек, бұған дейінгі турларда «Қайрат» Лиссабонның «Спортингіне» 1:4 есебімен, «Реалға» 0:5 есебімен есе жіберіп, ал Алматыда «Пафоспен» 0:0 есебімен тең түскен болатын. Осылайша, алматылық ұжым Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайына иелік етті.

Фото: