457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Интер» бапкері «Қайратпен» ойын алдында мәлімдеме жасады

Миланның «Интер» клубының бас бапкері Кристиан Киву алдағы Чемпиондар лигасы матчына қатысты пікір білдірді.

 Оның айтуынша, «Кайратқа» қарсы ойын жеңіл болмайтынын және команда аса үлкен жауапкершілікпен дайындалып жатқанын айтты.

«Сырттағы әңгімелерге мән бермеймін – бізді қиын әрі жауапты матч күтіп тұрғанын жақсы білеміз. Чемпиондар лигасында жеңіл ойын болмайды. Біз бірнеше ірі қарсыласты жарыстан шығарған, тіпті «Селтикті» де тоқтата алған командаға қарсы ойнаймыз», - деді Киву баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол команда құрамындағы жағдайға тоқталды:

«Тюрам толықтай қалыпқа келді, сондықтан барлық шабуылшылар қолымда. Жаңа ойыншылар қосып, команданың қарқынын арттыра аламын. Лаутароға қатысты алаңдауға себеп жоқ – жаттығудағы еңбегін өздеріңіз көріп жүрсіздер. Егер ол гол соқпаса, оны басқалары жасайды – біз Серия A-дағы ең нәтижелі шабуылға иеміз».

Матч қайда және қашан?

Матч: «Интер» – «Кайрат»

Өтетін жері: «Сан-Сиро» стадионы, Милан (Италия)

Уақыты: 6 қараша, 01:00 (ҚР уақытымен)

Үш турдан кейін «Кайраттың» активінде – 1 ұпай, команда жалпы кезең кестесінде 34-орында. Ал «Интер» үш матчта да жеңіп, 9 ұпаймен көш бастап тұр.

Фото: inter.it