457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Интер» Анарбеков туралы қазақ тілінде жазба жариялады

Көпшілік Instagram-ның жаңа мүмкіндіктері арқасында бұл пост тек Қазақстандағы қолданушыларға көрінетінін түсініп отыр.

Миланның «Интер» клубы «Қайратпен» өткен матчқа қатысты кезекті жазбасын жариялап, қазақстандық жанкүйерлердің қызығушылығын оятты, деп хабарлайды malimsports.kz

Клубтың Instagram парақшасында Лига чемпионаты аясында «Миланға» қарсы ойында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтің керемет сейв жасаған сәтінен видео салынды.

«Екі тамаша сейв жасады. Басқа контентті жіберіп алмау үшін бізге жазылыңыздар», - деп қазақ тілінде жарияланған.

Бұл жарияланым да қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көпшілік Instagram-ның жаңа мүмкіндіктері арқасында бұл пост тек Қазақстандағы қолданушыларға көрінетінін түсініп отыр.

Еске салайық, Миланда өткен матч 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Гол авторлары - Лаутаро Мартинес, Карлос Аугусто және Офри Арад.

Сонымен қатар «Интер» - «Қайрат» кездесуі УЕФА жарыстары тарихында қазақстандық командалар қатысқан ең көп жанкүйер жинаған матч болды.

Осыдан кейін «Интер» клубының баспасөз қызметі тағы да қазақ тіліндегі жазбамен пост жариялады.

Фото: ашық дереккөзден