457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Инфантиноны сынаған ФИФА директоры қызметінен кетті

ФИФА-ның бас операциялық директоры Ламур ұйым президенті Джанни Инфантиноның FIFA Forward Enterprise (FFE) жобасына қатысты ұстанымын сынағаннан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ламурдың отставкасы ФИФА басшылығының 31 шілдеде FFE бағдарламасына байланысты мәлімдеме жасауынан кейін белгілі болды. Аталған жобаға қатысты дау 28 шілдеде ұйымның әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарының бір бөлігін сатуды жоспарлағаны туралы ақпарат тарағаннан кейін басталған.

ФИФА құны шамамен 20 млрд доллар болатын FIFA Forward Enterprise еншілес компаниясын құрып, оның 25 пайыздық үлесін сыртқы инвесторларға 4,2 млрд долларға сатуды жоспарлаған. Алайда жоба футбол қауымдастығы тарапынан сынға ұшырап, 1 тамызда ФИФА бұл бастамадан бас тартты. Кейін Джанни Инфантино көпшілік алдында кешірім сұрады.

ФИФА өкілі Ламурдың қызметтен кеткенін растады. Ұйым оның екі жыл бойы атқарған жұмысына алғыс айтып, алдағы кәсіби жолына сәттілік тіледі. Ламур бұған дейін Инфантино секілді УЕФА құрылымында еңбек еткен.

Бұл – Инфантиноның басқару саясатына байланысты ФИФА-ның жоғары лауазымды қызметкерлерінің қатарынан кетіп отырған екінші тұлға. Шілде айында ұйым президентінің аға кеңесшісі Карлос Кордейро да қызметінен кеткен болатын.

FFE жобасының тоқтатылғанына қарамастан, Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА), КОНКАКАФ және Азия футбол конфедерациясы (АФК) Инфантиноның әрекетіне тәуелсіз тексеру жүргізуге шақырды. Үш конфедерация әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарын сату жоспарын ФИФА институттарына деген сенімге елеулі соққы ретінде бағалады.

Сонымен қатар Уэльс, Швеция, Сербия, Ирландия және Шотландия футбол федерациялары алдағы ФИФА президенті сайлауында Инфантиноны қолдамайтынын мәлімдеді.

Джанни Инфантино ФИФА президенті қызметін 2016 жылдан бері атқарып келеді. Ол бұған дейін ұйым басшысы қызметіне қайта сайлануға ниетті екенін айтқан.

 

Фото: Sam Hodde / Getty Images

Ең көп оқылған