Мәзір
Футбол

Ғалымжан Кенжебек «Ахматта» қанша табыс табады?

Сабина Асқарқызы 188 қаралым
Ғалымжан Кенжебек «Ахматта» қанша табыс табады?

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-лигасындағы "Ахмат" клубына ауысқан жағдайда, оның жалақысы бірнеше есе өседі. Бұл туралы Aladop.kz мәлімет таратты.

Дереккөздің хабарлауынша, 22 жастағы футболшының жаңа клубтағы айлық еңбекақысы бұрынғы келісімшартындағы сомадан 5 есе көп болмақ. Бұған дейін Ғалымжан Кенжебек семейлік "Елімай" клубының намысын қорғады. Ресми емес ақпараттарға сүйенсек, ол жерде ойыншының ай сайынғы табысы 2-3 миллион теңге шамасында болған.

Осыған байланысты Кенжебектің Грозныйдағы жалақысы айына 10-15 миллион теңге аралығында болуы мүмкін деп болжанып отыр. Әзірге нақты келісімшарттағы сома жарияланған жоқ, дегенмен көрсетілген цифрлар шындыққа жақын болуы ықтимал.

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек «Ахматпен» 4 жылдық келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. Футболшы жаңа жылдан кейін барлық ресми рәсімдерден өтіп, жаңа командасына қосылады.

Ғалымжан Кенжебек - алматылық Қайрат футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабында сондай-ақ Жеңіс, «Елімай» және Словакияның Кошице клубтарында ойнаған. Қазіргі таңда футболшының нарықтық бағасы 600 мың еуро деп бағаланады.

Фото: ҚФФ

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар