Грекия құрамасының экс-ойыншысы жол апатынан көз жұмды
Футболдан Грекия ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Мариос Иконому 33 жасында жол-көлік оқиғасынан кейін ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайғылы оқиға 23 мамыр күні Грекияның солтүстік-батысындағы Янина қаласында болған. Мотоцикл тізгіндеген Иконому орталық көшелердің бірінде бұрылып жатқан жүк көлігімен соқтығысқан көрінеді.
Апат салдарынан футболшы ауыр бас жарақатын алып, дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бірнеше күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, Мариос Иконому жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Мариос Иконому 2016-2018 жылдар аралығында Грекия ұлттық құрамасының сапында алты матч өткізген.
Клубтық мансабында ол Италияның «Кальяри», «Болонья», СПАЛ, «Бари», «Сампдория» клубтарында, сондай-ақ Грекияның АЕК және Данияның «Копенгаген» командаларында өнер көрсеткен.
Фото: Global Look Press
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған