Гарри Кейн өткен маусымның қорытындысы бойынша «Алтын бутсаны» иеленді
«Бавария» мен Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн 2025/26 маусымының қорытындысы бойынша «Алтын бутса» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Марапаттау рәсімі 19 тамызда Мюнхен клубының музейінде өтті.
«Алтын бутсы» жыл сайын Еуропаның ұлттық чемпионаттарындағы ең үздік сұрмергенге табысталады.
Өткен маусымда 33 жастағы Кейн Бундеслигада 31 матч өткізіп, 36 гол соқты. Осы нәтижесімен ол Еуропа чемпионаттарындағы ең нәтижелі шабуылшы атанды.
Англиялық футболшы маусым қорытындысы бойынша 72 ұпай жинады. Оның басты қарсыластары Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») - 54 ұпай және Килиан Мбаппе («Реал Мадрид») - 50 ұпай еншіледі.
Кейн үшін бұл мансабындағы екінші «Алтын бутса». Алғашқы жүлдесін ол «Бавариядағы» дебюттік маусымында, яғни 2023/24 жылғы чемпионатта жеңіп алған. Сол кезде де шабуылшы Бундеслигада 36 гол соққан.
Осылайша Гарри Кейн тарихта «Алтын бутсаны» екі рет жеңіп алған оныншы футболшы атанды. Бұл жүлдені ең көп иеленген ойыншы — аргентиналық Лионель Месси. Ол алты рет Еуропаның үздік сұрмергені атанған.
Кейн 2023 жылдан бері «Бавария» сапында өнер көрсетіп келеді. Мюнхендік клубпен бірге ол Германия чемпионатында екі рет жеңімпаз атанып, ел кубогы мен Суперкубокты бір реттен иеленді.
«Бавария» 2026/27 маусымындағы алғашқы ресми матчын 22 тамызда Германия Суперкубогі аясында Дортмундтың «Боруссиясына» қарсы өткізеді.
Фото: Global Look Press
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған